Аурухана туралы
«Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасы» Мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Алматы облысының паллиативтік көмек ауруханасы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 27 қарашадағы № ҚР ДСМ-209/2020 бұйрығымен бекітілген «Паллиативтік көмекті ұйымдастыру стандартына» сәйкес паллиативтік көмек көрсетеді.
Төсек-орын сыйымдылығы
Аурухананың төсек-орын сыйымдылығы 70 төсек-орын.
Медицина қызметкерлері
Ауруханада 8 дәрігер, 11 орта буын медицина маманы және 13 кіші медицина қызметкері жұмыс істейді, олар пациенттерге тәулік бойы күтім мен қолдау көрсетеді.
Қайғы кез келген адамды айналып өтпейді. Кез келген сәтте адам немесе оның жақындары жазылмайтын аурумен бетпе-бет келуі мүмкін.
Бірақ осындай сәттерде де өмір жалғасады — ол жылылыққа, қамқорлыққа, қолдауға және сүйіспеншілікке толы бола алады.
Біз, ШЖҚ «Алматы облысының паллиативтік көмек ауруханасы» МКМ, емдеуге келмейтін, бірақ әлі де абыроймен, тыныш әрі бақытты өмір сүруіне көмектесуге болатын жандарға қолдау көрсетеміз.
«Біз бәріміз бір мақсат үшін еңбек етеміз — осы қабырғаларда өмір мен қуаныш көбірек болсын деп.
Адамдар өзін мұнда ауруханада емес, үйіндегідей сезінуі үшін.»
МӘМС 2026: Әрбір қазақстандықты қандай өзгерістер күтіп тұр?
Осы жылдың шілдесінде МӘМС туралы заңға түзетулер енгізілді. Бұл өзгерістердің қарапайым азаматтар мен жалпы...
25 қазан – Республика күні құтты болсын!
Құрметті Қазақстандықтар! Алматы облысының Паллиативтік көмек ауруханасы ұжымы Сіздерді Республика күнімен...
Паллиативтік көмек күні
Паллиативтік көмектің дүниежүзілік күні жыл сайын қазан айының екінші сенбісінде атап өтіледі. Бұл күннің...
«Паллиативтік көмек: шекарасыз қамқорлық» X Республикалық конференциясы
С. Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінде «Паллиативтік көмек: Шекарасыз қамқорлық»...
1 қазан — Халықаралық қарттар күні
«Қарты бар үй – қазыналы үй» деп білетін дана халқымыз қарттарға әрдайым ерекше құрметпен қараған. Осы...





